Еуропалық Одақ елдерімен неғұрлым белсенді байланыс жасап, оны жаңа деңгейге көтеру өзекті мәселелердің бірі болып отыр -О. Мұхамеджанов

None
None
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Парламент әріптес елдермен экономикамыздың дамуына бірлесе ықпал етіп, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін алдағы уақытта да тығыз әрі өзара тиімді қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады.

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі жағдайда Еуропалық Одақ елдерімен неғұрлым белсенді байланыс жасап, оны жаңа деңгейге көтеру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуінің маңызы зор.  Бұл беделді ұйымға басшылық ету  - тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін әлемдік  деңгейде объективті түрде мойындаудың  ғана белгісі емес, сонымен бірге құрлықтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолындағы біздің елге жүктеліп отырған аса жоғары жауапкершілік», - деді Мәжіліс Төрағасы.

Астанада парламенттік демократияны одан әрі дамытуға арналған НАТО Парламенттік Ассамблеясының «Роуз - Рот» семинары өткенін еске салған О. Мұхамеджанов, «мұның өзі Қазақстан Парламенті халықаралық ауқымдағы маңызды іс-шаралар орталығына айнала бастағанын көрсетсе керек», - деді. 

 

Соңғы жаңалықтар