Еуропалық одақ Батыс Қазақстанда жел және күн электр станцияларын салады

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан - Еуропа ынтымақтастығының перспективаларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Өткен жылдың қазан айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Президенті Шарль Мишельдің қатысуымен Батыс Қазақстанда жел және күн электр станцияларын орнату және 2030 жылдан бастап 3 млн тонна «жасыл» сутекті өндіру бойынша құны 30-40 млрд еуро болатын ірі еуропалық «Svevind» компаниясымен маңызды келісімге қол қойылды. Бұл Еуропалық одақтың осы өнімге деген қажеттілігінің бестен бір бөлігін құрайды», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Сонымен бірге Роман Василенко өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар