Еуропалық Одақ AstraZeneca вакцинасын Ұлыбританияға экспорттауға тыйым салмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ Біріккен аумақта өндірілген AstraZeneca британия-шведтік компаниясының вакцинасын Ұлыбританияға экспорттауға қатысты барлық сұраныстарды мұқият зерттейтін болады. Бұл өндіруші Еуроодақ елдеріне жеткізу бойынша өз міндеттемелерін орындағанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Еуропалық одақ өкілі Нидерландыдағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт осы уақытқа дейін Біріккен Корольдікке жеткізу үшін ірі өтінімдер алмағанын, бірақ мұндай сұраныстар туындаған жағдайда олардың қабылданбауы мүмкін екенін айтты.

20 наурызда Funke газетіне берген сұхбатында Еуропалық Комиссияның (ЕК) төрағасы Урсула фон дер Ляйен AstraZeneca-ға ЕО елдеріне келісілген жеткізілімдердің қысқаруына байланысты оның вакцинасын экспорттауға тыйым саламын деп қорқытқан болатын.

Бұған дейін фон дер Ляйен вакциналардың жетіспеушілігі жағдайында Еуроодақ олардың экспортын бақылауды жалғастыратынын, негізінен вакцинацияның неғұрлым жоғары қарқыны бар елдерге жеткізуді шектейтінін мәлімдеген болатын.

ЕО басшысының айтуынша, осы механизмнің бір жарым айында тек бір жеткізілімге тыйым салынды – Австралия үшін 250 мың доза. Фон дер Ляйен жекелеген экспорттық шектеулері бар вакцина өндіруші елдерге ескерту жасады, бұл бірінші кезекте Ұлыбритания мен АҚШ-қа қатысты. Брюссель өз өнімдерін Еуропалық Одаққа кедергісіз экспорттайды дегенді білдіреді.


Соңғы жаңалықтар