Еуропалық құрамалар әлем чемпионатында соңғы 10 ойында жеңілген жоқ

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан әлем чемпионатында 3-орын үшін ойын өтеді. Айта кетсек, соңғы 19 ойынның 18-де қола жүлде иесі негізгі кезеңде анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тек 1986 жылы қола жүлде үшін кездесуде Франция құрамасы Бельгиямен негізгі кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, овертаймда қарсыласын қапы қалдырды.

Хорватиялық футболшылар әлем чемпионаты финалдық сатысында Африка құрлығынан келген үш құрамамен кездесуінде бірде- бір гол жіберген жоқ. Топтық кезеңде 2014 жылы Камерунды 4:0, 2018 жылы Нигерияны 2:0 есеюімен жеңген еді.

Ал Мароккомен 2022 жылы топтық кезеңде 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Айта кетсек, 3-орын үшін соңғы 10 кездесуде еуропалық құрамалар жеңімпаз атанған.

Қола жүлде алған құрамалар тізімі төмендегіше:

1982 - Польша

1986 - Франция

1990 - Италия

1994 - Швеция

1998 - Хорватия

2002 - Түркия

2006 - Германия

2010 - Германия

2014 - Нидерланд

2018 - Бельгия

Еске салсақ, бүгін, 17 желтоқсанда елорда уақытымен сағат 21:00-де 3-орын үшін Хорватия және Марокко кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар