Еуропалық компаниялар тобы Өскеменде ЖЭО-2 салуды ұсынды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Еуропалық инвесторлар Өскеменде ЖЭО-2 салу бойынша жобаны инвестициялауға дайын. Немістің «Global Invest Ltd» компаниясы «North Trade Energy» энергия құрылысы компаниясымен және Чехияның «E3P Group» компаниясымен бірігіп аймақ басшысы Даниал Ахметовпен болған кездесуде ЖЭО-ын еуропалық энергетикалыұ технологияларды пайдаланумен салу бойынша өз қызметін ұсынды.

ЖЭО-ын салу қажеттілігі 2030 жылға дейін жылумен жабдықтаудың 2020 жылы бекітілген кестесінде белгіленген.

Өскеменде заманауи жоғарытехнологиялық жабдықтары бар жаңа ЖЭО-ын салу жылу қуаттылығының тапшылығын жойып, тұтынушылардың сенімді жылумен жабдықталуын және қала мен іргелес аудандарда электр энергиясының одан да тиімді құрамдастырылған циклмен қосымша шығарылуын қамтамасыз етеді. Нысанның жоспарланып отырған қуаттылығы - 300 МВТ, деп хабарлады әкімдіктен.

Д.Ахметов жобаға еуропалық компаниялардың қатысуы туралы бөлшекті келіссөздер ЖЭО-ның дайындаудан кейін өтетінін атап айтты.

«Е3Р» компаниясының коммерциялық директоры Ондржей Штербактың айтуынша, олардың компаниясының осыған ұқсас жобаларды Ресей мен Пәкістанда, Германия мен Чехияда іске асырудың үлкен тәжірибесі бар. Өскеменде олар өз қаражатына жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап, 3,5 жылдың ішінде түтін мұржалары жоқ және жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес келетін ЖЭО-2 сала алады.

Соңғы жаңалықтар