Еуропалық комиссия: Red Bull компаниясы Еуроодақтың монополияға қарсы заңнамасын бұзды

None
ВЕНА. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия (ЕК) австриялық энергетикалық сусын шығаратын Red Bull компаниясын заңсыз сөз байласу мен еуропалық монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп күдіктенеді, корпорацияның кеңсесінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Австрия баспасөз агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні компанияның кеңсесін Австрияның федералдық бәсекелестік агенттігі қызметкерлерінің қатысуымен еуропалық құрылымдардың өкілдері тінтіген.

Сейсенбі күні Еуропалық комиссия Red Bull-ға қатысты ресми тергеуді бастады. Корпорацияның өзі іздеу фактісін растап, бұдан әрі түсініктеме беруден бас тартты.

Red Bull әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстардың демеушісі және ұйымдастырушысы ретінде танымал. Оның бас кеңсесі Австрияның Фушль-на-Зе қаласында (Зальцбург Федералды штаты) орналасқан.


Соңғы жаңалықтар