USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Еуропалық комиссия COVID-19 вакцинасын алғандарға Еуроодаққа кіруге рұқсат беруді ұсынды

2021 жылғы 3 мамыр 17:14
Бөлісіңіз:
Еуропалық комиссия COVID-19 вакцинасын алғандарға Еуроодаққа кіруге рұқсат беруді ұсынды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Еуропалық комиссия Еуроодаққа мүше елдерге ЕО-ға маңызды емес сапарларға шектеулерді жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жапон ғалымдары темекі шегетіндерде коронавирус жұқтыру қаупі 1,5-2 есе жоғары екенін анықтады Дәурен Абаев «Kazakh Tourism» АҚ алдында тұрған міндеттерді атап өтті Сарапшылар Еуроодақ елдерінде твиндемия басталғанын болжап отыр

Бұл ұсынысты Еуропалық комиссия вакцинация және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсарту саласындағы жетістіктер негізінде әзірледі.

Еуропалық комиссия қолайлы эпидемиологиялық жағдайы бар елдердің адамдарына ғана емес, сонымен қатар Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі рұқсат еткен вакцинаны алған барлық адамдарға ЕО-ға маңызды емес себептермен де кіруге рұқсат беруді ұсынады.

Болашақта вакциналардың тізімін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берген вакциналар есебінен кеңейтуге болады.

Еуропалық комиссия барлық сапарларға рұқсат етілетін елдердің тізімін анықтауда қолданылатын COVID-19 ауруының жаңа жағдайларының шекті мәнін арттыруды ұсынады.

Сонымен бірге «коронавирус мутациясының пайда болуы қырағылықты қажет етеді», деді Еуропалық комиссия.

Сақтық шарасы ретінде «шұғыл тежеу» тетігі әзірленді, ол ЕО деңгейінде үйлестіріледі және мұндай нұсқалардың ЕО-ға келу қаупін шектейді.

«Шұғыл тежеу» тетігі мүше мемлекеттерге тиісті санитариялық шараларды қабылдауға қажетті уақытқа КВИ жағдайы күрделі елдерден барлық сапарларды жедел және уақытша қатаң минимумға дейін шектеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда қолданылатын «Спутник-5» вакцинасын алған адамдарға ЕО-ға кіруге рұқсат беру мүмкіндігіне пікір білдіре отырып, Еуропалық комиссия бұл мәселе еуропалық дәрілік заттар агенттігіне байланысты екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT