Еуропалық киноакадемия 2018 жылдың үздік фильмін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық киноакадемия бүгін, сенбіде болған салтанатты рәсімде  «2018 жылдың үздік фильмін» атады. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.

Польша, Франция, Ұлыбританияның бірлесіп шығарған Павел Павликовскийдің  «Қырғи-қабақ соғыс»  фильмі  жеңімпаз атанды.

Поляк режиссері мұнымен қоса "Үздік режиссер" және "Үздік сценарист" номинациялары бойынша да жүлде алды.

Ал актриса Иоанна Кулиг «Қырғи-қабақ соғыс» фильміндегі  «Үздік актриса» аталымының  жүлдесін еншіледі.

Марапаттау салтанатты рәсімі Испаниядағы Севилья қаласында өтті.

Айта кетсек, бұл туындыға соғыстан кейінгі жылдардағы махаббат шырғалаңы  өзек болған.

 

Соңғы жаңалықтар