Еуропалық Кеңес: Еуроодақтың кей елдерінде COVID-19 вирусына қатысты жағдай өте күрделі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Еуропалық кеңес отырысының соңғы күні аяқталды, онда Еуроодаққа мүше 27 елдің көшбасшысы энергия тасымалдаушыларының бағалары мен COVID-19 пандемиясына қарсы күрес жүргізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропалық көшбасшылар саммитінің қорытындысы бойынша, COVID-19 пандемиясына қарсы күреске қатысты мәлімдеме жасалды.

Еуропалық Кеңес бүкіл Еуропа бойынша жүргізілген вакциналау науқаны вируспен күрес жүргізуде айтарлықтай прогреске әкелгенін атап өтті. Олай болғанымен, Еуроодаққа мүше кей мемлекеттердегі жағдай өте күрделі болып қалып отыр. Бүкіл ЕО бойынша вакциналау деңгейін көтеру үшін вакциналауға қатысты күдікті жою жағына күш салу қажет. Соның ішінде әсіресе әлеуметтік желілерде таратылатын теріс ақпаратпен күрес жүргізу керек, деп санайды Еуроодақтың үкімет және ел басшылары.

Бүдан басқа, Брюссельде COVID-19 вирусының жаңа нұсқаларының пайда болуына қатысты қырағылық таныту керектігі атап өтілді. Еуроодақ эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ЕО ішінде еркін жүріп-тұру және оған кіруге көмекті үйлестіруге үндеп отыр.

ЕО көшбасшыларының кеңесі Еурокомиссияны сертификаттарды үшінші елдермен өзара мойындау жұмысын тездетуге үндеді, деленген Еуропалық Одақтың қорытынды мәлімдемесінің мәтінінде.


Соңғы жаңалықтар