Еуропалық қайта құру және даму банкі Көкшетаудағы су тазалау нысанына инвестиция құюға ниетті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Көкшетау қаласындағы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасын қаржыландыру бойынша Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің қазақстандағы директоры Джанет Хэкман алдын ала келісімге қол қойды.

Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Осы орайда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өңірде бәсекелестікті дамытуда ең басты халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту болып табылатынын ескере келе , облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.

Өз кезегінде Джанет Хэкман мырза аталған жобаны ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қолға алу маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында ғана емес, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы бағытында да бірлескен жобаны қолға алуға ниетті екенін жеткізді.
null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар