Еуропалық инвестор Бурабайда тау шаңғысын дамыту үшін зерттеу жүргізеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Еуропаның ірі инвесторы Бурабайдағы тау шаңғысы курортына қызығушылық танытуда. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің  «PGI Management» дүниежүзілік тау шаңғысы консалтингілік компаниясының президенті Жуан Виладомат Кортабинартемен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тараптар тау шаңғысын әлемдік деңгейде дамыту үшін маусым айында Бурабай курорты аумағының әлеуетін анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге келді. Оны аталмыш компанияның мамандары жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп жүргізетін болады.

«Біздің команда бизнес тұжырымдаман бастап, жобаның құрылысы, сондай-ақ, техникалық жағынан қолдау, мәдени ерекшеліктерді ескер келе, бизнесті дамыту тәрізді қызмет түрлерін ұсынады. Біз әлемнің 15-тен астам елінде жұмыс істейміз», - деді Жуан Виладомат.

Айта кетейік, «PGI Management» компаниясы тау шаңғысы курортын басқару саласында әлемде көш бастап тұр. Соның бірі ретінде Еуропадағы «Гранвалира» курортын атап өтуге болады.

Соңғы жаңалықтар