Еуропалық бизнесмендер ЕАЭО елдеріндегі кедендік қадағалаудың жаңалықтары жайлы хабардар болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕЭК-ның кедендік блогы еуропалық бизнес өкілдеріне Одақ аумағында ЕАЭО КК-нің күшіне енуі күтіліп отырған өзгерістері туралы түсіндірді, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметінен.

4 ақпанда Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) алаңында Еуроодақ елдерінің дипломатиялық корпусының қолдауымен ЕЭК мамандарының Чехия және Венгрия елдерінің бизнес-қауымдастықтарының өкілдерімен кездесуі өтті.

«Кездесу барысында Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаментінің директоры Дмитрий Некрасов ЕЭК кедендік блогының қызметі туралы баяндап, бұған дейін Одаққа мүше мемлекеттерге келісілуге жіберілген ЕАЭО КК жобасына жан-жақты тоқталып өтті.

ЕЭК-ның өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаттары туралы баяндап, сонымен қатар қонақтарды Комиссияның құрылымы және негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Кедендік блоктың мамандары еуропалық бизнес өкілдерін қызықтырған сұрақтарға, атап айтқанда транзит, уақытша кіргізу, электрондық мағлұмдау бойынша күтіліп отырған өзгерістер туралы сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Соңғы жаңалықтар