Еуропалық банк ШҚО көшелерін жарықтандыруға қаржы бөлмек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Еуропа қайта құру және даму банкі Шығыс Қазақстанда тағы бір инвестициялық жобаны қолға алмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық қаржы алпауыты бөлетін инвестицияға облыстағы 16 аудан орталығының көшелері жаңа технологиямен жарықтандырылмақ. Яғни, облыс бойынша 10 мыңнан астам жарық нүктесі жаңаланады. Соның нәтижесінде 225 мың адам тұратын ондаған елді мекен электр қуатын үнемді пайдаланады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов пен еуропалық банктің Орталық Азия елдеріндегі директоры Бруно Балванердің кездесуінде айтылды.

«Қазақстан бойынша Еуропа қайта құру және даму банкі қаржы құйған жобалардың 29 пайызы Шығысқа тиесілі. Оның тиімділігі қазірдің өзінде сезіліп жатыр. Келешекте бұл банкке туризмді дамыту, судан энегрия өндіру, балама қуат көздерін пайдалану бойынша қызықты жобалар ұсынамыз», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Банк өкілі Бруно Балванер аталмыш жоба аудан орталықтарының көшелерді жарықтандыруға кететін шығының 60 пайызға азайтаныны айтады.

«Шығыс Қазақстанның әлеуеті өте үлкен. Біз мұнда металлургия, туризм және табиғи ресрустарды игеру салалары бойынша әріптестік орнатуға дайынбыз», - деді Бруно Балванер.

Қазірдің өзінде еуропалық банк Шығыс Қазақстан аумағында 13 жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның бәрі инженерлік және инфрақұрылымдық жобалар.

Соңғы жаңалықтар