Еуропалық БАҚ: Қазақстан БҰҰ ҚК-да әлемдік қоғамдастыққа ерекше көзқарас пен тәжірибе әкеледі

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2017-2019 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы әлемдік қоғамдастық үшін ерекше көзқарас пен тәжірибе әкеледі.

Мұндай пікір сәрсенбі күні EU Reporter еуропалық журналында жарияланған мақалада жазылды.

«21-ші ғасырдағы ең маңызды өңірлердің біріне лайықты көңіл бөлінбеді. Дегенмен, соңғы күндері БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін бас қосқан мемлекеттер басшылары Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның маңызын түсінді», - деп жазады EU Reporter.

«Қазақстан жуырда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Азия-Тынық мұхиты тобында ҚР үшін 138 мемлекеттің өкілі дауыс берді, өз кезегінде Таиландқа 55 дауыс бұйырды. Қазақстанның сайлануы маңызды оқиға болып табылады. Бұл БҰҰ ҚК-ге сайланған Орталық Азиядағы алғашқы ел», - деп жазды еуропалық басылым.

EU Reporter Еуропарламент депутаты Николай Барековтың сөзін келтірді. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 25 жылында өз дамуында айтулы серпіліс жасап, бұрынғы Кеңес Одағының жетекші еліне айналды.

 

Соңғы жаңалықтар