Еуропаға жұмысқа барған қазақстандықтар алаяқтарға алданып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 20-ға тарта азаматы шетелде жұмысқа тұрмақшы болып алданып қалған. Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтарды шетелде жоғары жалақыға қызықтырған, кейіннен сол алаяқтардың құрбанына айналған азаматтар туралы бірқатар БАҚ-та жазылған болатын. Алаяқтардың жақсы ұсыныстарының кесірінен біздің бірқатар азаматымыз Ұлыбританияға жету үшін үлкен сомада ақша салып, ақыры құр қол қалған жағдайлар да кездесті. Жуырда Чехияда жұмыс істеуге шақыратын алаяқтардың тағы бір схемасы туралы мәлім болды. Бұл алаяқтық әрекеттің салдарынан 20-ға жуық адам зардап шеккен», - деді ол.

Айбек Смадияровтың айтуынша, азаматтар Қазақстандағы жалған компаниялар арқылы туристік визалар алып, Чехияның қалаларына жұмыс істеуге аттанған.

«Олар алақтардан Чехияда жұмыс істеу құқығын бермейтін, ұзартуға жатпайтын немесе қайта шығарылмайтын туристік визаларды алған. Осындай қиындықтарға тап болған біздің отандастарымыз тіпті кері қайтуға билет сатып алу мүмкіндігінен айырылған. Осыған байланысты біз қазақстандықтарды жұмыспен қамту компанияларымен байланыс орнатқан кезде асықпауға, абай болуға кеңес береміз. Туристік визалар Еуропа елдеріне жұмысқа орналасуға жарамсыз екендігін хабарлай отырып, неғұрлым мұқият болуға шақырамыз», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар