Еуропаға жаңа бағыттар ашылып, халықаралық рейс саны аптасына 433-ке жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық әуе тасымалдарының бағыттық желісі аптасына 433 рейске дейін өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантин шектеулерінің әлсіреуіне байланысты Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдарының бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту жұмысын жалғастырып жатыр.

Жаз кезінде туристердің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында рейс саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады.

Италия, Чехия және Грекияға жаңа рейстер ашылып жатыр.

Түркия, Египет, Грузия, Ресейге рейстер ұлғаюда.


Соңғы жаңалықтар