Еуропадағы турнирде қазақстандық боксшылар 7 «алтын» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның Врбас қаласында жасөспірімдер арасында екінші рет өткізіліп отырған «Ұлттар кубогы» турнирі өз мәресіне жетті. Финалда 8 қазақстандық боксшы өнер көрсетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

15 - 20 тамыз аралығында өткен Сербиядағы халықаралық жарысқа 26 елдің өкілдері қатысып, 200 астам спортшы бақтарын сынады. Байрақты бәсеке Драго Йовович атындағы спорт кешенінде жалауын көтерді.

Турнирге 2002-2003 жылдары дүниеге келген балалар қатысты. Көбі еуропа елдерінің өкілдері. Олар үшін алдағы Еуропа біріншілігі алдындағы жақсы дайындық болып отыр. Сонымен қатар, жарыста АҚШ пен Маврикия елінің өкілдері, Азия құрлығынан Қазақстан, Өзбекстан және Индиядан спортшылар болды. 

Халықаралық турнирде қазақстандық команда тамаша нәтижеге қол жеткізді. Жас боксшыларымыз барлығы 7 алтын, 1 күміс, және 5 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Сұлтан Бабаханов финалда АҚШ келген Брион Каротерсті жеңіп, турнирдің ең үздік боксшысы атанды. Ал Нұржан Амангелді (63 кг) ақтық кездесуде АҚШ спортшысы Касин Голдстоунды жеңіп, сапалы өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Жасөспірімдер командасын жеңістерімен құттықтаймыз!

  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Ерболат Сабыр (50 кг) - алтын
Алмаз Ұзыханов (54 кг) - алтын
Сұлтан Бабаханов (60 кг) - алтын
Нұржан Амангелді (63 кг) - алтын
Әмир Болатов (66 кг) - алтын
Евгений Приходько (75 кг) - алтын
Аманат Сабырғали (+80 кг) - алтын
Ерасыл Танкай (52 кг) - күміс
Бауыржан Сәтжанов (57 кг) - қола
Мейіржан Айдар (60 кг) - қола
Илья Киселев (70 кг) - қола
Ерасыл Жакпеков (75 кг) - қола
Георгий Аушев (+80 кг) - қола

Соңғы жаңалықтар