Еуропадағы миграциялық дағдарыс ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясында талқыланып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті делегациясы Берлинде Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы 27-ші сессиясына қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық делегация құрамында Сенат депутаттары Төлеубек Мұқашев, Дулат Құсдәулетов, Михаил Бортник, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова мен Құралай Қаракен бар.

7-11 шілде аралығында өтіп жатқан Берлин сессиясы «ЕҚЫҰ аясында міндеттемелердің орындалуы: парламенттердің рөлі» тақырыбына арналған.

8 шілдедегі пленарлық отырыс барысында Рейхстаг тарихи ғимаратында Ұйымға қатысушы елдердің парламент мүшелері ЕҚЫҰ аймағында ұзаққа созылған қақтығыстар, Еуропадағы көші-қон дағдарысы, терроризмге қарсы күрес, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және олардың шиеленістердің алдын алуға және шешуге қатысу мәселелерін талқылады.

ЕҚЫҰ ПА сессиясына қатысушылар Ұйым қағидаларына, соның ішінде шиеленістердің бейбіт жолмен шешілуіне, мемлекеттердің егемендік теңдігі мен олардың аумақтық тұтастығына, халықаралық құқық нормаларының сақталуына сәйкестігін растады.

Соңғы жаңалықтар