Еуропадағы ең қымбат 100 футболшының тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - CIES Football Observatory сарапшылар тобы Еуропада ойнайтын ең қымбат ойыншылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропаның ең қымбат ойыншысы «Пари Сен-Жермен» клубының 20 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппе болып отыр. Оны сарапшылар 218,5 млн еуроға бағалаған.

«Тоттенхэм» ойыншысы, Англия құрамасының капитаны Гарри Кейн 200,3 млн еуро көрсеткішімен екінші орынды иеленді. Үздіктер үштігін бразилиялық Неймар (197,1 млн еуро) түйіндеп тұр.

Айта кетейік, бес дүркін «Алтын доп» иегері атанған Лионель Месси 7-орынға орналастырылған (171,2 млн еуро), ал «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду тіпті үздіктер ондығына да кіре алмады. Сарапшылар 127,2 млн еуроға бағалаған Португалия құрамасының капитаны 19-орында тұр.

Рейтинг басындағы ондыққа мына футболшылар енген:

1. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - €218,5 млн

2. Гарри Кейн (Тоттенхэм) - €200,3 млн

3. Неймар (ПСЖ) - €197,1 млн

4. Рахим Стерлинг (Манчестер Сити) - €185,8 млн

5. Мұхамед Салах (Ливерпуль) - €184,3 млн

6. Пауло Дибала (Ювентус) - €171,9 млн

7. Лионель Месси (Барселона) - €171,2 млн

8. Ромелу Лукаку (Манчестер Юнайтед) - €162 млн

9. Филипе Коутиньо (Барселона) - €157 млн

10. Лерой Сане (Манчестер Сити) - €156,1 млн.

Соңғы жаңалықтар