Еуропадағы әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа тап болған – Могерини

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропадағы әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа тап болған. Бұл туралы ЕО жоғары өкілі Федерика Могерини 25 қарашада аталып өтілетін Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні қарсаңында мәлім етті, деп хабарлайды Еурокомиссия.

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық барлық жерде кездеседі, бұдан қашып құтылу мүмкін емес, тіпті үйде де. Себебі, әйелдер зорлық-зомбылыққа үйде де, жұмыста да, мектепте немесе университетте де, көшеде де, интернетте де – кибернетикалық зорлық-зомбылыққа немесе жек көрушілікке тап болуы мүмкін», - деп атап өтті Могерини.

Оның айтуынша, бұл мәселенің ауқымы барлығын алаңдатуда. Себебі, Еуропадағы әрбір үшінші әйел дене немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа тап болған. Сексуалдық мақсаттағы адам саудасының барлық құрбандары - әйелдер немесе қыздар.

ЕО Жоғарғы өкілі атап өткендей, Еуроодақ серіктестіктермен дамуды және білім беруді қолдау бойынша институттар мен заңнамалық базаны нығайту, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың себептерін жою және олардың әлеуметтік рөлін көтеру жұмыстарын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар