Еуропада оқитын қазақстандық жастар Брюссельдегі елшімен кездесті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 26 қазанда елшілік ғимаратында Бельгияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер осы елдегі Қазақстан елшісі Айгүл Құспанмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

QS және THE рейтингтер бойынша Бельгияның алты бірдей университеті «әлемдегі үздік 300 жоғары оқу орнының» қатарына кіреді. Бельгияның жер көлемі Алматы облысынан жеті есе аз, бірақ жалпы ішкі өнім көлемі Қазақстаннан үш есе көп. Осы елде жиырмаға тарта қазақстандық студент оқиды. Кездесуде А.Құспан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары жөнінде айтып берді..

«Жолдауда жастарға қатысты бағыттар бар. Қазақстанның алдында маңызды міндеттер мен күрделі сын-қатерлер тұр, оларды шешу жас ұрпақтың еншісінде», - деді қазақстандық дипломат. Ол сондай-ақ жастарды жаңа білім алып, оқуын тәмамадаған соң туған еліне елеулі пайда әкелетн жоғары білікті маман болуға шақырды. Жастар елшілікпен WhatsApp чат арқылы үнемі байланыста екендерін айтты.

«Биыл студенттерді Еуропа парламентіне апарамыз. Еуропарламенттің Орталық Азия елдерімен байланыс делегациясының басшысы Фульвио Мартушелло және бірқатар жас еуродепутаттар олармен кездескісі келеді», - деп атап өтті А.Құспан.

Сонымен қатар елші студенттерді Абайдың 175 жылдығы және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына, сондай-ақ Алтын Орданың 750 жылдығына арналған шараларды әзірлеуге белсенді қатысуға шақырды.

Автор: Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар