Еуропада нан бағасы күрт қымбаттады

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуроодақ елдерінде нанның орташа бағасы бір жылда 18 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Еуростат еуропалық статистика агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

2022 жылдың тамыз айында нанға бағаның шарықтауы Венгрияда (66%), Литвада (33%), Эстония мен Словакияда (екі елде де 32%) тіркелді.

Салыстырмалы түрде Францияда нан құны болмашы ғана артқан – 8%. Нидерланд пен Люксембургте ас атасы 10% қымбаттады.

«Нан, азық-түлік, ет – тамақ қымбаттай түсті. Әсіресе бағалар аспаздық майларға және нан сияқты негізгі азық-түлік түрлеріне күрт көтерілді», - делінген Еуростат сайтында жарияланған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар