Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде
2022 жылғы 12 тамыз 03:28

Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың кейбір елдерінде маймыл шешегін жұқтырғандар саны өсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Германияның Роберт Кох институтының мәліметі бойынша, 10 тамызда Германияда маймыл шешегін жұқтырған 3025 адам анықталды. Сараптама нәтижесі бойынша басым көпшілігі ерлер арасында тіркелген. Сондай-ақ сегіз әйел, екі жасөспірім және төрт жасар қыз ауырып қалды, деп хабарлады неміс мамандары.

Сонымен бірге Deutsche Aidshilfe АИТВ-мен ауыратын науқастарға көмек көрсету ұйымының өкілдері Германияда маймыл шешегіне қарсы вакциналардың шектеулі мөлшерде жеткізілетінін айтты.
Бельгияда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы әйелдер тіркеді. Бельгияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ел тұрғындарына вакцинаның 3 мыңға жуық дозасы ғана қолжетімді. Осыған байланысты тәуекел тобына жататын адамдар Францияның вакцинасы жеткілікті көршілес аймақтарына барады.
Еурокомиссия өкілі сейсенбіде вакцинаның өндірістік қуаты шектеулі екенін айтты.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT