Еуропада «ковид рұқсатнамасының» қолдану аясы кеңейтіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның Конституциялық кеңесі мейрамхана, сауда үйлеріне, кейбір жағдайларда ауруханаларға барып, сонымен қатар халықаралық сапар жасау үшін «санитарлық рұқсатнама» енгізуде. Жаңа шаралар дүйсенбі күні күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Вакцина салдыртуға қарсы азаматтар Марсельде тағы да наразылық шеруіне шықты.

Манифестанттар медициналық қызметкерлерді міндетті вакциналауға қарсылық білдірді.

Ауруханалардың бірін тексеру барысында Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран «ковид рұқсатнамасының» медициналық көмек алуда кедергі болмайтынына сендірді. «Рұқсатнамасы жоқ адамдарды медициналық көмектен айырылмайды. Біз ауырып жатқан және әлсіз адамдар шоғырланған орындарда вирустың болмайтынына сенімді болғымыз келеді», - деді ол.

Осы мезтте Ұлыбритания Франциядан келушілерге қолданылатын шараларды жеңілдетіп жатыр. Лондон вакцина алғандарға карантинді алып тастады. Саяхатшылар ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсетсе жеткілікті.

Италия ЖОО және мектеп қызметкерлеріне, сонымен қатар студенттерге міндетті «ковид сертификатын» енгізеді. «Грин-пассыз» азаматтар пойыз арқылы ұзақ жерлерге аттанып, ұшақ бортына көтеріле алмайды. Жұмадан бастап елде спортзал, мұражай, театрларға және террассаларды қоспағанда, мейрамханаларға бару үшін QR код іске қосылды.


Соңғы жаңалықтар