+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Еуропада коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізіп жатыр

2020 жылғы 23 мамыр 11:13
Бөлісіңіз:
Еуропада коронавирусқа байланысты жаңа шектеулер енгізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропада шектеулер жеңілдетіле бастағанымен, мұнда коронавирустың екінші толқынынан зардап шекпеу үшін жаңа шаралар қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

8 маусымнан бастап Ұлыбританияға шетелден келген барлық адам екі аптаға созылатын карантинге оқшауланады. Егер келуші өз азаматы немесе шетелдік азамат болса да билік органдарына қайда аялдайтынын айтуға міндеттеледі. Жеке оқшауланудан бас тартқан адамдар 1 000 еуродан астам айыппұл төлейді.

Бұл міндеттен тек медициналық қызметкерлер, тауар жеткізетін жүк көліктерінің жүргізушілері, маусымдық жұмысшылар мен мен іссапарда жүрген шенеуніктер босатылады.

Британдық билік бастапқыда карантиннің жаңа режимі Біріккен Корольдікке Франциядан келушілерге таралмайтынын мәлімдеген еді. Бірақ бұл шешімнің себебі айтылмады.

Ла-Манш бұғазының қарсы жағалауында католиктердің діни мерекесіне орайластырылған ұзақ демалыс күндері өтіп жатыр. Жағажайларда бақылау күшейтілген. Францияның Дюнкерк аймағының Бре-Дюн коммунасында демалушылар шектеуді елеместен күнге қыздырынып жатыр.

Генуя теңізінің жағалауында да тек суға шомылып, спортпен айналысуға рұқсат етілген. Жергілікті тұрғындардың қажетті әлеуметтік қашықтықты сақтауы үшін жағажайлар арқанмен бөлінген. Оны бұзғандарға айыппұл салынады.

Португалияда Лиссабоннан 25 шақырым жердегі Капкайш қаласы жазғы маусымға дайындалуда. Жергілікті билік барлық тұрғындарды COVID-19 антиденесінің бар-жоғын тексермек. Екі айлық карантиннен кейін елде дәмхана, мейрамхана және көптеген дүкендер қайта ашылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT