+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны 60 миллионнан асты - ДДСҰ

2021 жылғы 2 тамыз 22:56
Бөлісіңіз:
Еуропада коронавирус жұқтырғандар саны 60 миллионнан асты - ДДСҰ

КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының жаңа мәліметтеріне сәйкес, пандемия басталғаннан бері Еуропа аймағында COVID-19 жұқтырушылар саны 60 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі

«Пандемияның соңы әлі жақындаған жоқ, өкінішке орай, Еуропа аймағында COVID-19-дан 1,2 миллионнан астам адам қайтыс болды. Елдер халықтың ең осал топтары мен қауіп-қатер тобындағы адамдарды қорғау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруы маңызды.

ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерде еуропалық аймақта вакцинамен қамтудың жалпы көрсеткіштері айтарлықтай ерекшеленеді. Ал кейбір елдерде 60 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері, ұзақ мерзімді емдеу мекемелерінде тұратын адамдар және ілеспе аурулары бар адамдар сияқты халықтың басымдықты топтарын вакциналау деңгейі әлі де төмен. Індеттің ауыр өтуін болдырмау және өлімнің алдын алу үшін вакциналардың тиімді екені дәлелденді. Ал осы басымдықты топтардағы аурудың көбеюі ауруханаға жатқызылғандар мен өлім жағдайларының артуына әкеледі. Біз халықтың барлық басымдықты тобын шұғыл түрде вакциналауымыз керек», - деді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры Dorit Nitzan.

Оның айтуынша, пандемияны тоқтату үшін барлық елде вакцинацияға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Соның ішінде вакциналар өндірісін қолдау және әр елдегі осал адамдарды қорғау үшін вакциналармен алмасуды (мүмкін болған жағдайда) жүргізу керек.

«Сонымен қатар, біз эпидемияға қарсы шараларды, соның ішінде тестілеу, секвенциялау, науқастармен байланыста болғандарды іздеу, оқшаулау және карантинді жалғастыруымыз керек. Сондай-ақ, қолды жуып, маска тағып, адамдар көп шоғырланған және жабық жерлерде физикалық қашықтықты сақтау маңызды», -деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT