Еуропада карантин шектеуі жеңілдетіле бастады

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Еуропа коронавирустың екінші толқынына байланысты енгізілген карантин шектеуін біртіндеп алып тастай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Швейцарияның Женева кантонында дүкендер қайта ашылып жатыр. Бір ай карантиннен кейін дүкендерде тұрмысқа қажетті тауарлар сатыла бастады.

Парижде ойыншық, көйлек, кітап дүкендері ашылды. Кәсіпкерлер табыс көп түсетін Рождество мерекесі қарсаңында сатып алатындардан кенде қалмайды. Сенбі күнгі сатып алушыларды дүкендерде қол соғып қарсы алды.

Польшада сауда қайта жүргізіле бастады. Алайда Кельц қаласында дүкен иелері бірқатар шектеу талабын сақтауға міндетті. 10 шаршы метр алаңда тек бір ғана клиент болуы керек.

Болгарияда керісінше тұрғындар дүкен, мейрамханаға баруға үлгеріп қалуға тырысуда. Өйткені келесі аптадан бастап карантин шектеуі енгізіледі. Еуроодақтағы соңғы ең ауқымды коронавирус жұқтыру осы елде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар