Еуропада әлемдегі алғашқы микробтар мұражайы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланды астанасы Амстердам қаласында жаңа жылдық мерекеде әлемдегі алғашқы микробтар мұражайы ашылды. Мұражай жәдігерлері көзге оңай көрінбейтін микроағзалардан тұрады, деп жазады Mignews.

Вирустар мен бактериялар арнайы түтіктерде тіршілік етеді, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Бұдан басқа, кез келген келуші арнайы аппараттың көмегімен ағзадағы микробтардың санын біле алады. Мұражайда жерде тіршілік ететін микрофлораның үштен бірі бар. Мамандар «экспонаттарды» салуға және орнатуға 10 млн. астам еуро жұмсалғанын айтты. Мұражай бірнеше залдан тұрады.

Соңғы жаңалықтар