Еуропа тыныштықты аңсайды - ғылыми зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада ең даурықпалы, айқай-шуы көп орындар туралы бірінші баяндама жарияланды. Онда өмір сүру үшін ыңғайсыз, ең дабыралы ел Мальта деп танылды, деп жазады Росбалт жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Мамандар жүргізген зерттеу қорытындылары бойынша, Еуропа елдеріндегі ең басты дабыра жол қозғалысы болып есептеледі екен. Одан кейін тізімде темір жол, әуежайлар және өнеркәсіп нысандары тұр.

Мамандар айқау-шу, абыр-дабырдан негізінен қалалық тұрғындардың ұйқысыздыққа шалдығып, жүрек аурулына шалдығатынын айтты.

Баяндамада атап өтілгендей, Еуропалық одақтың көптеген елдерінде тынышсыздықтан туындайтын аурулардың үлесі 50 пайызды құрайды, деп хабарлайды Euromag.

Бельгия, Люксембург және Мальта сияқты шағын мемлекеттерде тыныш аудандар өте аз көрінеді.

Соңғы жаңалықтар