Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі: Жолдауда сөз болған реформаларды қолдаймыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын кеңейтілген саяси бағдарламаға теңеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл Жолдау өте өзекті. Бүгінгі Жолдаудан кеңейтілген саяси бағдарламаны естідік. Тек саяси реформа ғана емес, Президент Тоқаевтың жыл басында айтқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды толықтырғанын көрдік. Біз осы реформалардың бәрін толық қолдаймыз. Олар өте тиімді болуы мүмкін», - дейді Кестутис Янкаускас.

Дипломат Мемлекет басшысының басқа ұсыныстарына да тоқталды.

«Біз демократияландыру үдерістерінің жалғасатынын, мемлекеттік билікті орталықсыздандыру жөніндегі ұсыныстарды естідік. Сондай-ақ, БАҚ-тағы сөз бостандығы мен саяси партияларды тіркеуді оңайлату жағы сөз болды. Жаңа қауымдастық құру ешқашан кеш емес. Біз өз тәжірибемізде қоғамды нөлден бастап өзгертпей-ақ құруға болатынын көрдік. Еуропалық одақ өкілі ретінде біз Президенттің Еуропаны бірнеше рет жақсы үлгі ретінде атап өткеніне қуаныштымыз. Біз мұны құптаймыз. Сондай-ақ, Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлау саясатына қатысты стандарттары да айтылды», - дейді елші.


Соңғы жаңалықтар