Еуропа Одағы қазақ тілінде «Еуропа әлемінде» атты ертегі кітабын жарыққа шығарды
Кітапта Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің әрқайсысының халық ертегілері, аңыздары, әрі нақыл сөздері келтірілген, сол арқылы олар ортақ ежелден келе жатқан мәдени сабақтастығын көрсетеді. Жинақтағы кейбір аса сирек кездесетін ертегілер қазақ тілінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Аталмыш кітапта батырлар, айдаһарлар, перілер туралы не халық әзіл –сықағына толы түрлі хикаяларды кездестіруге болады.
Кітап бойынша жұмыс жарты жыл жүргізілді. Барлық иллюстрацияны Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері, дарынды апалы-cіңілі Ғалия және Балқия Құсайыновалар салды.
«Еуропа әлемін бейнелейтін суреттер арқылы оқырмандар ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, cол заманның сиқыр мен қиял әлеміне жол ашады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Ғалия және Балқия Құсайыновалар.
Кітаптың тұсаукесеріне арнайы Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі онлайн науқанын жариялады. Күнделікті Өкілдіктің әлеуметтік желі парақшаларында ЕО-ға мүше мемлекеттердің Елшілері бейнеролик форматында ертегілерді оқып, Еуропаның ғажайып ертегілер әлеміне оқырмандарды саяхаттауға шақырады.