+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Еуропа одағы 1 шілдеден бастап шекарасын ашады

2020 жылғы 30 маусым 08:52
Бөлісіңіз:
Еуропа одағы 1 шілдеден бастап шекарасын ашады

ЛОНДОН. ВВС – ҚазАқпарат – Еуропалық Одақ азаматтарға 1 шілдеден бастап өз аумағына кіруге рұқсат берілген 14 елдің тізімін атады. Бұл тізімге Ресей, АҚШ, Қытай Бразилия, Қазақстан кірмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропа билігінің шешіміне сәйкес, коронавирустың таралуы тұрғысынан «қауіпсіз» деп танылған елдер: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай. Бұл тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін, ол екі апта сайын қайта қаралып отырады.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қытай билігі еуропалықтарға осындай құқық берсе, Қытай да қауіпсіз елдер тізіміне қосылуы мүмкін. Ұлыбритания ресми түрде ЕО-дан шықты, бірақ ол Еуроодақпен өтпелі кезең үшін, кем дегенде, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ортақ саясат жүргізеді. Сондықтан британдық азаматтар ЕО тұрғындары сияқты бірдей құқыққа ие.

BBC еуропалық редакторы Катя Адлер хабарлағандай, сейсенбі күні түстен кейін ЕО қауіпсіз деп танылған елдерді ресми критерийлері бойынша нақты мақұлдауға ниетті. Алайда, ЕО мүшелерінің көпшілігі жоғарыда аталған елдердің тізімімен келіскен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT