Еуропа лигасының жеңімпазы Германияда анықталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасының қалған ойындары Германияда өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалда «Вольфсбург» (Германия) мен «Шахтер Донецк» (Украина) жұбының жеңімпазы «Айнтрахт» (Германия) және «Базель» (Швейцария), ЛАСК (Австрия) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) жұбының жеңімпазы «Истанбул Башакшехир» (Түркия) мен «Копенгаген» (Дания) жұбының жеңімпазы кездеседі. Ал «Интер» (Италия) мен «Хетафе» (Испания) жұбының жеңімпазы «Рейнджерс» (Шотландия) мен «Байер» (Германия), «Олимпиакос» (Грекия) мен «Вулверхэмптон» (Англия) жұбының жеңімпазы «Севилья» (Испания) мен «Рома» (Италия) жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Ал жартылай финалда төртінші ширек финал жеңімпазы екінші, үшінші ширек финалдың жеңімпазы бірінші ширек финал жеңімпазымен ойнайды. Финал қожайыны ретінде бірінші жартылай финал жеңімпазы саналады.

Айта кетейік, ширек, жартылай және финалдық ойындар Германияда өткізіледі. Олардың әрбірі бір кездесуден тұрады.

Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды .


Соңғы жаңалықтар