Еуропа лигасының финалында «Атлетико» «Марсельді» ойсырата жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа лигасы финалында Испанияның «Атлетико Мадрид» командасы Францияның «Марселінен» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көптеген футбол мамандары мен жанкүйерлері финалда шартты түрде қонақ ретінде ойнаған «Атлетико» айқын басымдыққа ие болады деп күткен еді. Алайда өз елінде, Лион қаласында өткен ойында марсельдіктер де аянып қалған жоқ. Диего Симеоне шәкірттерінің берік қорғанысын ашу үшін қайтсе де  гол соғуы қажет екенін жақсы түсінетін еді. Сол себепті алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Бірақ 21-минутта қарапайым пас алмасу кезінде қақпашы мен қорғаушылар бір-бірін түсінбей, мадридтік футболшыларға допты «сыйлай» салды. Габидің тамаша пасын Антуан Гризманн голға айналдырды.

Оның үстіне жарақатынан толық айықпаған марсельдіктердің капитаны Дмитри Пайенің денсаулығы сыр беріп, 32-минутта алаңды тастап шығуға мәжбүр болды. Оның орнына мұндай үлкен матчтарда тәжірибесі аз жас футболшы М. Лопес шықты.

Екінші таймда, 49-минутта Гризманн командасының керемет ұйымдастырылған шабуылынан кейін дублін тойлады. Ал ойындағы соңғы голды 89-минутта Габи соқты.

Осылайша, «Атлетико» 2017/18 жылғы маусымдағыЕуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар