
2013 жылғы 4 қыркүйек 08:58
Еуропа Лигасындағы «Шахтердің» ойындарына кіру билеті 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» Еуропа Лигасында кемінде үш ойынды өз алаңында елордалық «Астана Арена» стадионында өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Шахтердің» матчтарына кіру билетінің құны орта есеппен 1500-ден 5000 теңгеге дейін болады», - деп жазады өзінің твиттердегі парақшасында ҚФФ атқарушы директоры Олжас Абраев.
Естеріңізге сала кетейік, қарағандылықтар бірінші ойынын 19 қыркүйекте Салоникида ПАОКқа қарсы өткізеді. Матч бос стадионда көрерменсіз өтеді.
Сондай-ақ... оқыңыз
TOP