Еуропа лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – UEFA Еуропа лигасы ширек финалына жолдама алған барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың 1/8 сатысында Италияның «Ювентус», Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары жеңіске жетіп, келесі сатысына шықты.

Ал, өз алаңында Портулгалияның «Спортингімен» 1:1 есебімен тең түскен «Арсенал» жарыстан шығып қалды. Екі команда алғашқы кездесуде 2:2 есебіне қанағат білдірген еді. Осыған байланысты пенальти тебуде португалдар 5:3 есебімен басым түсті.

Енді 1/4 финалда «Ювентус» (Италия), «Фейеноорд» (Нидерланд), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Севилья» (Испания), «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Рома» (Италия), «Байер» (Германия), «Юнион Сен-Жулуза» (Бельгия) командалары ойын көрсетеді.

«Фрайбург» (Германия) - «Ювентус» (Италия) 0:2 (бірінші ойын 0:1)

«Фейеноорд» (Нидерланд) - «Шахтер Донецк» (Украина) 7:1 (1:1)

«Реал Бетис» (Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) 0:1 (1:4)

«Фенербахче» (Түркия) - «Севилья» (Испания) 1:0 (0:2)

«Арсенал» (Англия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:1, пенальтиден 3:5, (2:2)

«Реал Сосьедад» (Испания) - «Рома» (Италия) 0:0 (0:2)

«Ференцварош» (Венгрия) - «Байер» (Германия) 0:2 (0:2)

«Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Унион Берлин» (Германия) 3:0 (3:3).

Ширек финал 13 және 20 сәуір, жартылай финал 11 және 18 мамыр күндеріне белгіленген.

Финал 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан командалар анықталды.


Соңғы жаңалықтар