+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: Ширек финалға шыққан барлық команда анықталды

2020 жылғы 7 тамыз 03:13
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: Ширек финалға  шыққан барлық команда анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы ширек финалына жолдама алған барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Еуропа лигасы 1/8 финалының соңғы екі кездесуі өткізілді. Онда «Вулвергемптон Уондерерс» (Англия) және «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Базель» (Швейцария) және «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) командалары шеберлік байқасты.

«Вулвергемптон Уондерерс» және «Олимпиакос Пирей» жұбының алғашқы кездесуінде жеңімпаз анықталған жоқ. Грекияда өткен ойында қос команда 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты. Бүгін ағылшындық клуб сапынан Рауль Хименес 8-минутта есеп ашты. Осылайша ағылшын клубы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыратын болды.

Ал «Базель» және «Айнтрахт Франкфурт» жұбының алғашқы кездесуінде швейцариялық команда сырт алаңда ойнағанына қарамастан 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сондықтан олардың жарысты жалғастыру мүмкіндігі артты. Бұл жолы да «Базель» жеңіске жету жолын тапты. Олар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Енді ширек финалда «Манчестер Юнайтед» пен «Копенгаген», «Интер» мен «Байер», «Шахтер Донецк» мен «Базель», «Севилья» мен «Вулвергемптон Уондерерс» кездеседі.

Жарыстың ширек және жартылай финал ойындары Германияның Гельзенкирхен, Дуйсбург, Дюссельдорф, Кёльн қалаларында өткізіледі. Ал финал 21 тамызда Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» стадионында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT