Еуропа лигасы: «Севилья» мен «Рома» финалға шықты

Фото: Фото: : LARS BARON/GETTY IMAGES
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы финалына шыққан екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай мүмкіндікке Испанияның «Севилья» және Италияның «Рома» клубтары қол жеткізді.

Испаниялық клуб өз алаңында Италияның «Ювентусін» 2:1 есебімен сүріндірді. Ойын барысында италиялық команда сапынан Душан Влахович 65-минутта есеп ашқан еді. Оған «Севилья» сапынан Сусо 71, Эрик Ламела 95-минутта екі голмен жауап қайырды.

Алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Нәтижесінде қос ойынның нәтижесімен «Севилья» финалға шықты.

Тағы бір кездесуде «Рома» Германияның «Байерін» (1:0, 0:0) орта жолда қалдырып кетті.

Сондай-ақ, Конференция лигасы турнирінде Англияның «Вест Хэм Юнайтед» клубы Нидерландтың «АЗ Алкмаарын» (1:0, 2:1) Италияның «Фиорентина» клубы Швейцарияның «Базелін» (3:1, 1:2) жеңіп кетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы финалына «Манчестер Сити» және Италияның «Интері» шықты.


Соңғы жаңалықтар