Еуропа лигасы: «Порту» өз алаңында «Байерден» жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалдық сатысының қарымта ойындары өткізілді. Қазірге дейін сегіз кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Португалияның «Порту» командасы өз алаңында Германияның «Байер» командасынан жеңілді. Бұл кездесуде «Байер» сапынан Лукас Аларио 10, Керем Демирбай 50, Кай Хаверц 57-минутта гол соқса, оған алаң иелерінен 65-минутта Мусса Марега жалғыз голмен жауап қайырды. Ойында неміс футболшылары 3:1 есебімен басым түсті. Алғашқы кездесуде «Байер» 2:1 есебімен жеңді. Жарыстың 1/8 финалдық сатысына «Байер» шықты.

Германияның тағы бір командасы - «Вольфсбург» та бұл кездесуде өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Олардың қатарынан Йосип Брекало 41, Яниик Герардт 65, Жоао Виктор 69-минутта мергендік танытты. Бүгін «Вольфсбург» 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде «Вольфсбург» басым түскен болатын. Нәтижесінде жарыстың келесі сатысына неміс командасы жолдама алды.

Қазірге дейін жарыстың келесі сатысына Англияның «Вулверхэмптон», Италияның «Рома», Швейцарияның «Базель», Австрияның ЛАСК, Шотландияның «Галзго Рейнджерс» командалары жолдама алды.

Сондай-ақ, бүгін «Селтик» (Шотландия) - «Копенгаген» (Дания), «Арсенал» (Англия) - «Олимпиакос» (Грекия), «Интер» (Италия) - «Лудогорец» (Болгария), «Аякс» (Нидерланды) - «Хетафе» (Испания), «Севилья» (Испания) - ЧФР «Клуж» (Румыния), «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Брюгге» (Бельгия), «Бенфика» (Португалия) - «Шахтер» (Украина) командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар