Еуропа лигасы: «Ордабасы» алғашқы кезеңде тең ойнауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңындағы Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ордабасы» бұдан бұрын да Еуропа лигасы ойындарына қатысты. Шымкенттік клуб 2012/2013 жылғы аламанда бірінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Ягодина» командасын орта жолда қалдырып, жарыстың келесі сатысында Норвегияның «Русенборг» клубына жол беріп қойды. Одан кейін 2015/2016 жылғы аламаннан бастап қатарынан үш жыл аталмыш турнирде бақ сынады. Дегенмен, алғашқы кезеңнен әріге аса алған жоқ.

«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе алғашқы минуттан Дмитрий Непогодов, Мардан Төлебек, Пабло Фонтанелло, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Тимур Досмағамбетов, Абдуллай Диакате, Май Махлангу,​ Мирзад Механович, Жоао Пауло мен Тоқтар Жанғылышбайды шығарды,

Ал «Торпедо» сапында Роин Квасхвадзе, Важа Табатадзе, Давид Хурцилава, Анри Чичинадзе, Цотне Надарая, Матэ Цинцадзе, Папуна Пониава, Вахтанг Небиеридзе, Темур Чогадзе, Заза Цицкишвили және Торнике Капанадзе ойын басталғаннан жасыл алаң төрінен көрінді.

Бірінші кезеңде алаң иелерінің басымдығы байқалып тұрды. Десе де кейбір сәтте оларға дәлдік жетіспей жатты. Ендігі бір тұста олар қақпаны дұрыс көздей алған жоқ. Қонақтар негізінен қорғаныста жүрді.

Қарымта кездесу 18 шілдеде өткізіледі. Бұл жұптың жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Млада Болеслав» командасымен 25 шілде және 1 тамыз күндері шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін, 11 шілдеде Алматының «Қайраты» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» клубымен шеберлік байқасады. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар