Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» австриялық клубты ойсырата жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының алғашқы ойынында Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы сырт алаңда Австрияның ЛАСК клубын ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш кездесуде ағылшындық клуб қарсыластар қақпасына жауапсыз бес доп соқты. Оны Одион Игало - 28, Даниэль Джеймс - 58, Хуан Мата - 82, Мэйсон Гринвуд - 91, Андреас Перейра 93-минуттарда соқты. Осылайша «Манчестер Юнайтед» қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктірді.

Естеріңізге сала кетелік, «Манчестер Юнайтед» L тобында қазақстандық «Астана», Голландияның «АЗ Алкмаар» және Сербияның «Партизан» командаларымен сынға түсті.

Дәл қазірге дейін тағы бір ойын аяқталды. Германияның «Айнтрахт» клубы өз алаңында Швейцарияның «Базель» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ал «Севилья» (Испания) - «Рома» (Италия), «Интер» (Италия) - «Хетафе» (Испания) командалары арасындағы кездесу коронавирус дертіне байланысты кейінге шегерілді. Осыған байланысты «Вольфсбург» (Германия) - «Шахтер» (Украина), «Олимпиакос» (Грекия) - «Вулверхэмптон» (Англия) командалары арасындағы ойын жанкүйерсіз өтіп жатыр. Сондай-ақ, бүгін «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) - «Байер» (Германия), «Истанбул Башакшекир» (Түркия) - «Копенгаген» (Дания) командалары өзара кездеседі.


Соңғы жаңалықтар