Еуропа лигасы: Қазақстандық клубтардың үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан клубтарының футболдан UEFA Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Швейцарияның Ньон қаласындағы UEFA штаб-пәтерінде Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

«Астана» үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Ференцварош» (Венгрия) және «Валлетта» (Мальта) жұбының жеңілген командасымен шеберлік байқасады. Қазір елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінде 23 шілде және 1 тамыз күндері Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездеседі. Үшінші іріктеу кезеңі 8 және 15 тамыз күндері өткізіледі.

Сондай-ақ, еліміздің атынан Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде 24 шілде мен 1 тамызда Алматының «Қайраты» Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева), Шымкенттің «Ордабасы» клубы Чехияның «Млада-Болеслав» командасымен кездеседі.

Үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Қайрат» Швецияның «Норрчепинг», «Ордабасы» Арменияның «Алашкерт» және Румынияның «Стяуа» жұбының жеңімпазымен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар