+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты

2019 жылғы 18 шілде 22:33
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының «Қайраты» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне шықты. Олар бүгін Алматыда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Михал Билек «Астанаға» келді «Қайсардың» құрамына Бағдат Қайыров қосылды Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қайсардың» құрамын толықтырды

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде сырт алаңда «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді . Сондықтан қонақтар жарысты жалғастыру үшін кем дегенде екі гол айырмасымен доп соғуы тиіс болатын.

Айта кетерлігі, «Широки Бриег» бүгінгі күнге дейін екі мәрте қазақстандық клубтармен шеберлік байқасып үлгерді. Еуропа лигасының 2013/2014 жылғы аламанында екінші іріктеу кезеңінде Павлодардың «Ертісінен» сырт алаңда 2:3 есебімен жеңіліп, өз алаңында 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша жарыстың келесі сатысына шықты. Ал Еуропа лигасының 2017/2018 жылғы аламанында бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» командасын (2:0, 0:0) сүріндірді.

Бүгінгі ойында «Қайрат» басым ойнады. Алғашқы кезеңде ойын тізгінін алматылық футболшылар ұстады. Шабуыл шебінде көбірек көрінді. Босниялық ойыншылар арасында қарсы шабуылға шықты. Десе де бірінші кезең 0:0 есебімен тең аяқталды.

Екінші кезеңнің алғашқы минуттарында «Широки Бриег» шабуыл шебінде көбірек көрінді. Бұл сәттерде алматылық қорғаушылар лайықты төтеп бере білді. Ойынның 90-минутында алматылық клубтың қақпасына пенальти белгіледі. Оны «Широки Бриег» сапынан Дражен Багарич орындады. Содан кейін «Қайрат» ойыншылары Рамазан Оразов 92, Исламбек Қуат 93-минуттарда гол соқты. Нәтижесінде «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты.

Енді олар 23 шілде және 1 тамызда Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) және Албанияның «Лачи» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, кеше UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Румынияның ЧФР командасына жол берді. Енді «Астана» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде Андорраның «Санта-Колома» командасымен 23 шілде және 1 тамыз күндері шеберлік байқасады.

Ал бүгін Қостанайдың «Тобылы» Люксембургтің «Женесс Эш» клубына тең ойнап, қос ойынның нәтижесімен жарыс жолынан шығып қалды.

Бүгін Шымкенттің «Ордабасы» клубы сырт алаңда Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасымен кездеседі. Алғашқы ойында «Ордабасы» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23.00-де басталады. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT