Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

2019 жылғы 12 шілде 02:58 433
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Алматының «Қайраты» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» командасымен алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский алғашқы минуттан Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, Елдос Ахметов, Дино Миканович, Айбол Әбікен, Рамазан Оразов, Георгий Жуков, Конрад Вржещиньский, Бауыржан Исламхан, Адеринсола Эсеола сынды жігіттерді шығарды.

Ал «Широки Бриег» құрамында Мартин Зломислич, Йосип Квесич, Бернардо Матич, Доминик Ковачич, Дино Чорич, Матео Марич, Иван Енин, Мато Станич, Марио Бабич, Тони Йович және Дражен Багарич болды.

Алғашқы кезеңде «Қайрат» басым ойнады. Сырт алаңда доп тепкеніне қарамастан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Бірінші кезеңде алаң иелері негізінен қорғаныста жүруге мәжбүр болды.. Ойынның 29-минутында алматылық шабуылшы Адеринсола Эсеола қақпашымен бетпе-бет шықты. Мұндай мүмкіндікті тәжірибелі футболшы мүлт жіберген жоқ. Доп қарсыластар қақпасында тулап жатты.

Бұдан кейін алаң иелері ес жиғандай болды. Олар шабуыл шебінде жиі бой көрсетіп тұрды. Көп ұзамай таразы басын теңестіріп кетті. Оны Иван Енин шебер орындады. Таразы басы теңескеннен кейін екі команда да ойын қарқынын бәсеңдетіп алды. Бірінші кезең 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойынның екінші жартысы екі команданың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Әсіресе, «Қайраттың» белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Матчтың 56-минутында жас ойыншы Айбол Әбікенді тәжірибелі футболшы Исламбек Қуат алмастырды. Көп ұзамай алаң иелері қақпасына айып добы белгіленген еді. Сол сәтте босниялық қақпашы қателік жіберіп, оны алматылық шабуылшы Адеринсола Эсеола өз пайдасына жаратып кетті. Ойында «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) командасын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал 10 шілдеде Қостанайдың «Тобылы» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Люксембургтің «Женесс Эш» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.

Естеріңізге сала кетелік, кеше UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» Румынияның ЧФР командасынан 1:0 есебімен басым түсті.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT