+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

2020 жылғы 18 қыркүйек 01:14
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Қайрат» қарсыласына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Атырау» мен «Ақтөбе» Премьер-лигаға қайта оралды Премьер-лига: «Қайрат» пен «Астана» жеңіске жетті Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен жеңді

Бұл кездесу Израиль жерінде өтті. Ойын жеңімпазы бір ғана кездесу арқылы анықталды.

Кездесуде алаң иелері есеп ашты. Оны 31-минутта Юваль Ашкенази өзінің еншісіне жазды. Ал 45-минутта «Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 72-минутында алаң иелері қатарынан Никита Рукавица өз командасын қайта алға шығарды. Ойында «Маккаби» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Енді олар жарысты жалғастыратын болды.

Естеріңізге сала кетелік, бүгін аталған турнирдің екінші іріктеу сатысында қазақстандық «Астана» және «Қайсар» жарыс жолынан шығып қалды. Ал бірінші іріктеу сатысында «Ордабасы» қарсыласына есе жіберіп қойған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT