Еуропа лигасы: «Қайрат» қарсыласымен тең түсіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысының қарымта ойындары өтіп жатыр. Дәл қазір Алматыда пен Босния және Герцоговинаның «Широки Бриег» командасы арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде сырт алаңда «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан қонақтар жарысты жалғастыру үшін кем дегенде екі гол айырмасымен доп соғуы тиіс.

«Қайрат» құрамында алғашқы минуттан Стас Покатилов, Ғафуржан Сүйімбаев, Раде Дугалич, Елдос Ахметов, Дино Миканович, Исламбек Қуат, Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Сейдахмет, Адеринсола Эсеола жасыл алаңнан көрінді. Оларға қарсы «Широки Бриег» құрамында Мартин Зломислич, Йосип Квесич, Бернардо Матич, Доминик Ковачич, Дино Чорич, Матео Марич, Иван Енин, Марио Бабич, Тони Йович, Петар Франьич, Дражен Багарич шықты,

Алғашқы минуттан алаң иелері ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Арасында босниялық футболшылар қарсы шабуылға шығып тұрды. Дегенмен бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар