Еуропа лигасы: «Қайрат» «Хапоэльге» бірде-бір гол соға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы уақытта футболдан UEFA Еуропа лигасының екінші іріктеу сатысы аясында Алматының «Қайраты» мен Израильдің «Хапоэль» (Безр-Шева) командаларының алғашқы кездесуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын Израильде өтіп жатқан ойынның алғашқы кезеңінің нәтижесі жайында хабарлаған едік. Бірінші кезеңде алаң иелері алдымен есеп ашып кеткен еді. Соған қарамастан алматылық футболшылар тәп-тәуір ойын көрсетті.
Екінші кезеңде де «Қайрат» жігіттері допқа иелік ету жөнінен көзге түсті. Десе де, олар гол соғатын көп мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Атап айтқанда, ойынның 50-минутына дейін алматылық футболшылардың алаң иелері қақпашысын қапы қалдыратын көптеген сәті болған еді. Олардың бірі қақпашы қолынан табылды. Ендігі бірінде біздің жігіттер қақпаны дәл көздей алған жоқ. Есесіне, қарсылас команда екінші голын соғып кетті. Оны 63-минутта Эдин Шамир орындады. Оң қанаттан әуелете берілген допты қақпаға соққан ол, өз командасын жеңіске жақындата түсті.
Кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті.
«Хапоэль» (Безр-Шева) бүгінгі күнге дейін бірнеше мәрте Еурокубок ойындарында сынға түсіп келеді. Еуропа лигасында екі мәрте топтық кезеңге шықты.
«Хапоэль» (Безр-Шева) командасының құрылғанына биыл тұп-тура 70 жыл толады. 1949 жылы құрылған клуб алғаш рет өз елінің біріншілігінде чемпиондық атаққа 1974/1975 жылғы футбол маусымында қол жеткізді. Бүгінгі күнге дейін бес мәрте алтыннан алқа тағып үлгерді. Соңғы үш жылда чемпиондық атақты ешкімге ұстатпай келеді. Сондай-ақ, аталмыш команда 1997 жылы футболдан Израиль кубогін төбесіне көтерді.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күні Алматы қаласында өткізіледі. Қос ойынның нәтижесімен жеңімпаз команда жарыстың келесі сатысына жолдама алады.
Естеріңізге сала кетелік, бүгін Шымкенттің «Ордабасы» командасы сырт алаңда Чехияның «Млада-Болеслав» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ, елордалық «Астана» 24 шілдеде сырт алаңда Андорраның «Санта-Колома» командасымен 0:0 есебімен тең ойнаған болатын.
- KWU киокушинкайдан ӘЧ: Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді
- Бес қазақстандық спортшы KWU киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті
- Допты хоккей: «Ақжайық» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
- Футзал: Қазақстан құрамасы сынға түсетін топтың ойын күнтізбесі анықталды
-
Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды
-
Алматыдағы бокс кешінде қазақстандық нокаутшы Абай Төлештің қарсыласы белгілі болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам