Еуропа лигасы: «Қайрат» чех клубынан жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайраты» бүгін футболдан Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын сырт алаңда өткізді.  Чехияның Оломоуц қаласының «Сигма» командасымен кездесіп, олардан 0:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Аталмыш ойынға «Қайрат» футболшылары жақсы дайындықпен келді. Басты мақсат - Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түсу. «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос Феррер алғашқы минуттан Владимир Плотников, Шелдон Бато, Ғафуржан Сүйімбаев, Сергей Политевич, Бауыржан Исламхан, Исаэл Барбоза, Акош Элек, Станислав Лунин, Адеринсола Эсеола, Андрей Аршавин, Жуан Фелипе сынды футболшыларды ойынға қосты. Ал «Сигма» сапында Милош Бухта, Вацлав Емелка, Ян Штерба, Михал Вепржек, Якуб Плшек, Вацлав Пиларж, Давид Гоушка, Шимон Фальта, Лукас Кальвах, Мартин Сладки, Мартин Нештор сынды жігіттер жасыл алаңға шықты.

«Сигма» ойыншылары өз алаңындағы кездесуде көбірек гол соғуға ниет танытты. Сондықтан төреші ысқырығы естілісімен-ақ олар шабуылға шықты. Алғашқы бес минуттың өзінде біршама мәрте біздің қақпашыны мазалап көрді. Өздерінің көздеген мақсаттарына 21-минутта жетті. «Сигма» сапынан Мартин Сладки біздің қорғаныс шебіндегі қателікті шебер пайдаланып кетті. Мартин Сладкидің тепкен добы «Қайраттың» қақпасына түсті. Бұдан кейін де олардың көптеген шабуылдары өрбіді. Алматылықтар негізінен қорғаныс маңында жүруге мәжбүр болды.

Жалпы, «Сигма» негізінен жергілікті ойыншыларға көңіл бөледі. Себебі, оларға алғашқы минуттан өздерінің түлектеріне сенім артты. Команда құрамындағы жалғыз легионер Будж Манзияның өзі де қосалқы құрамда отырды. Соған қарамастан олардың әрбір шабуылы бізге оңай соқпай жатты. Екінші кезеңнің 50-минутында Вацлав Пиларж есепті үстемеледі.

Ал 68-минутта қос команданың ойыншылар саны қайта теңесті. «Сигма» сапынан Михал Вепржек алаңнан қуылды. Бұдан кейін «Қайрат» футболшылары біршама шабуылға шықты. Десе де олардың ешқайсысы діттеген мақсатына жетпей жатты. Ойының 80-минутына бастап «Қайрат» шабуылды үдете түсті. Алайда, оны «Қайрат» жігіттері тиімді пайдалана алған жоқ. «Сигма» «Қайратты» 2:0 есебімен жеңді. Қарымта кездесу 16 тамызда Алматы қаласында өтеді.

«Қайрат» бұған дейін бірінші іріктеу кезеңінде Андорраның «Энгордань» командасын қос ойынның қорытындысымен 10:1 есебімен жеңсе одан кейін екінші іріктеу кезеңінде Голландияның «Аз Алкмаар» клубын өз алаңында 2:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда 0:0 есебімен тең  түсті. 

Соңғы жаңалықтар