Еуропа лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» қарсыласынан жеңіліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жергілікті «Қайрат» футболдан Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Сигма» командасын қабылдап, олардан 0:1 есебімен жеңіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чехияда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 0:2 есебімен ұтылып қалған еді. Сондықтан қазіргі сәтте алматылық клуб жарысты жалғастырудан шет қалып тұр

Негізі ойында «Қайраттың» басымдығы байқалады. Десе де жиі шабуылды голға айналдыруға сәттілік жетіспей жатқан секілді. «Қайрат» алдағы жарысты жалғастыруы үшін төрт гол соғуы тиіс.

Бүгінгі кездесуде «Қайраттың» жолы болып, жарыстың плей-офф сатысына шығып жатса, оларға Испанияның «Севилья» немесе Литваның «Жальгирис» командасы қарсылас атануы мүмкін.

Айта кетерлігі, Испан клубы бүгін сырт алаңда Литваның Вильнюс қаласының «Жальгирисімен» шеберлік байқасады. Алғашқы ойын 1:0 есебімен «Севильяның» басымдығымен аяқталған еді.

Соңғы жаңалықтар