Еуропа лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Астана» жеңіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы тур ойындары өтіп жатыр. Елордалық «Астана» K тобында сырт алаңда Украинаның «Динамо» (Киев) командасымен кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Астана» командасы сапында алғашқы минуттан жасыл алаңға Ненад Эрич, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Марин Аничич, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Ричард Алмейда, Марин Томасов, Педро Энрике, Жуниор Кабананга шықты.
Ал «Динамоның» бас бапкері Александр Хацкевич шәкірттерінен Денис Бойко, Йосип Пиварич, Никита Бурда, Тамаш Кадар, Томаш Кендзера - Сергей Сидорчук, Виталий Буяльский, Денис Гармаш, Беньямин Вербич, Виктор Цыганков, Назарий Русинді ойынға қосты. 
«Динамо» сапынан Максим Цыганков 11-минутта есеп ашса, 21-минутта «Астана» қорғаушысы Марин Аничич таразы басын теңестірді.
Бұдан кейін «Астана» көптеген мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алды.
Ал 45-минутта Денис Гармаш есепті 2:1-ге жеткізді. 
Айта кетерлігі, бүгін K тобында тағы бір кездесу өтуде. Францияның «Ренн» командасы өз алаңында Чехияның «Яблонец» клубын бірінші кезеңнен кейін 1:0 есебімен жеңіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар